12.07.2022, 15:34 12186

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 482 жаңа жағдайы тіркелді

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде ауыр халде – 16 пациент.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 482 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 310 370 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 123, 
 
Алматы қаласында - 205, 
 
Шымкент қаласында - 28, 
 
Ақмола облысында - 1, 
 
Ақтөбе облысында - 3, 
 
Алматы облысында - 29, 
 
Атырау облысында - 15, 
 
ШҚО-да - 5, 
 
Жамбыл облысында - 23, 
 
БҚО-да - 4, 
 
Қарағанды облысында - 28, 
 
Қызылорда облысында - 6, 
 
Маңғыстау облысында - 4, 
 
Павлодар облысында - 4, 
 
Түркістан облысында - 4.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 10 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді. 
 
12 шілдеге КВИ-ден 3 211 адам (3 151 КВИ+ және 60 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 401 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 2 810 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 16 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
2022 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 532 425 адам, 2-ші компонентпен - 9 316 066 адам вакцинацияланды. 4 867 828 адам ревакцинацияланды. 
 
2022 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, "сары" аймақта – Алматы қаласы. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны