04.02.2022, 17:23 22431

ҚР 4 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 30 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

ҚР 4 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 30 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 4 АҚПАН - 2022 жылғы 3 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 260 407 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 6 648 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 749; 
 
Алматыда - 1 602; 
 
Шымкентте - 56; 
 
Ақмола облысында - 507; 
 
Ақтөбе облысында - 237; 
 
Алматы облысында - 413; 
 
Атырау облысында - 124; 
 
ШҚО-да - 285; 
 
Жамбыл облысында - 93; 
 
БҚО-да - 296; 
 
Қарағанды облысында - 611; 
 
Қостанай облысында - 545; 
 
Қызылорда облысында - 38; 
 
Маңғыстау облысында - 47; 
 
Павлодар облысында - 679; 
 
СҚО-да - 351; 
 
Түркістан облысында - 15.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 13 374 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 128 207 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
4 ақпанға КВИ-ден 120 059 адам (118 880 КВИ+ және 1 179 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 095 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 109 964 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 450 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 163 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 88 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 3 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 320 өлім жағдайы тіркелген. 2 ақпанда КВИ-ден 25 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 2 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 125 жағдайы тіркелді, 5 адам қайтыс болды, 139 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 86 776, өлім - 5 280, сауыққандар - 80 317. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 3 ақпанда I компонентпен 9 221 794 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 793 354 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Қызылорда, Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны