11.05.2022, 15:52 12016

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 4 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 4 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 4 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 607 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өңірлер бойынша жаңа жағдайлар тіркелді: Нұр-Сұлтанда - 1, Алматыда - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
 
9 мамырда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды. 
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 291 455 адам сауығып кетті.
 
11 мамырға КВИ-ден 1 215 адам (491 КВИ+ және 724 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 76 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 139 пациент.
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 10 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 490 149 адам, 2-ші компонентпен - 9 256 167 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 111 660 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны