19.03.2021, 20:29 12501

"Британдық", "Бразилиялық", "Оңтүстік Африка": Алматыда коронавирустың жаңа штаммдары анықталды

АЛМАТЫ. 19 НАУРЫЗ - Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасында коронавирустың айналымдағы өзге де штаммдарына зерттеу жүргізуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желідегі парақшасында жазды.
 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп COVID-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді. 2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматы қаласы бойынша КВИ-мен ауыратын науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша "британдық", "Оңтүстік Африка", "бразилиялық" штамдарға ұқсас ықтимал мутация анықталды. Мутацияны және оның осы штаммдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде айқындалатын болады", - деді министр.

 
Айта кету керек, КВИ-дің алдын алу және мутацияны емдеу шаралары қолданыстағы тәсілдерге ұқсас.
 

Бұл маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау, адам көп жиналатын орындарға бармау, сондай-ақ халықты жаппай вакцинациялау. Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметтері бойынша қазір Қазақстан Республикасында қолданылатын Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасының "британдық" штамға тиімділігі дәлелденді", - деп толықтырды министр.

 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 1124 жаңа жағдайы тіркелді. Жалпы, елде 229 217 жағдай расталды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны