13.04.2021, 20:50 8130

Ермек Маржықпаев Ақмола облысының тұрғындарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

КӨКШЕТАУ. 13 СӘУІР - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аймақ тұрғындарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құрметті ақмолалықтар! 2021 жыл - ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Жаңа Қазақстанның қалыптасу сәтінен бастап, елдің мемлекеттік саясаты қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністік, этносаралық пен конфессияаралық келісім ахуалын сақтауға бағытталған. Сіздерді қасиетті Рамазан мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын", - делінген құттықтау хатында.

 
Аймақ басшысы "Рамазан айы – бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдар үшін рухани дамумен, жаңарумен, жасампаздықпен тығыз байланысты" екенін атап өтті.
 

Бұл – шексіз жақсылық пен адамгершілік қағидаттарды бойына сіңіру, рухани тазару және өзін-өзі жетілдіру уақыты. Бұл мереке әкелетін құндылықтар Қазақстан халқының дәстүрлерін нығайтуға, басқа да дәстүрлі нанымдармен өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді", - деді Ермек Маржықпаев.

 
Ол биыл қасиетті Рамазан айын бүкіл әлем пандемиямен күресуді жалғастырып жатқан жағдайда қарсы алатынын өкінішпен атап өтті. 
 

Пандемиямен күресте өз жауапкершілігіміз бен бірлігімізді көрсете отырып, біз оны жеңе аламыз. Барлық сынақтардан абыроймен өтіп, ең жақсы қасиеттерімізді көрсететінімізге сенімдімін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, молшылық, келісім мен бейбітшілік тілеймін! Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, гүлдене берсін!", - деді әкім.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны