08.06.2021, 19:19 14881

Томирис Байсафаның ісі бойынша айыпталушы ақталды

МӘСКЕУ. 8 МАУСЫМ - Алқабилер соты қазақстандық МГИМО студенті Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Муртузали Меджидовке ақтау үкімін шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Дағыстан Үкіметінің бұрынғы басшысының ұлы сот залында босатылды, деп хабарлайды Mash telegram-арнасы.
 

Қымбатты достар, ол кінәсіз деп танылды. Мен не айту керектігін де білмеймін...", - деп жазды өзінің Instagram-аккаунтында қайтыс болған қыздың анасы Жанна Ахметова.

 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 13 сәуірінде МГИМО студенті Томирис Байсафа түсініксіз жағдайда төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен болатын. 2018 жылдың 3 мамырында ол ауруханада қайтыс болды. Мәскеудегі жас қазақстандықтың өлімі туралы іс бойынша талқылау үш жылға созылды.
 
Өткен көктемде Жанна Ахметова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Томиристің өліміне қатысты іс бойынша әділ сот талқылауына қол жеткізуге көмектесуін сұрады.
 
Өткен жылдың шілде айында Муртузали Меджидов бұл іс бойынша қамауға алынды. Осы жылдың наурыз айында іс сотқа берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны