15.10.2021, 18:22 158936

Солтүстік Қазақстан облысында локдаун енгізілуі мүмкін

ПЕТРОПАВЛ. 15 ҚАЗАН - Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада коронавирусты жұқтырғандар саны 1,5 есе артты. Өңірде эпидемиологиялық жағдай әлі де нашарлайтын болса, өңір толық локдаунға көшуге мәжбүр болады.
 
СҚО-да санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін айтады. Соңғы екі аптадан бері коронавирусты жұқтырғандар саны артып келеді.
 
Дәрігерлерге суық тиіп, өкпесі қабынып қаралғандардың басым бөлігінде және ауырғандармен байланыста болғандарда коронавирус анықталып жатыр. Департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, облыста екпе алушылар қатары сиреген, күніне 200-300 адам ғана алып жатыр. Ал бұл эпиджағдайға өз әсерін тигізеді.
 

Вирус ешқайда кеткен жоқ, ол көбіне вакцинацияланбағандарға жұғып жатыр. Мәселен, Түркістан облысы мен Шымкент вакцинация бойынша жоспарды 100% орындады. Халықтың тиісті бөлігі екпе алды. Қазір бұл өңірлер "жасыл" аймақта. Ал СҚО екінші апта "қызыл" аймақта отыр", - дейді Арман Күшбасов.

 
Санитар дәрігер облыс тұрғындарын қарапайым талаптарды орындауға шақырды.
 

Масканы дұрыс тағыңыздар, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаңыздар, қоғамдық орындарға, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармаңыздар. Ең бастысы – вакцина алыңыздар. Егер де коронавирус жұқтырғандар саны әлі де артатын болса, онда барлық кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға мәжбүр боламыз. Яғни, облыс қайтадан толық локдаунға көшеді", - дейді Арман Күшбасов. 

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны