23.12.2021, 19:33 40176

Белсенділер Президенттен жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасына вето қоюды сұрайды

Белсенділер Президенттен жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасына вето қоюды сұрайды
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - Жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері Мемлекет басшысынан заңға қол қоймауды сұрады. 
 

Себебі құжаттың бір қайнауы ішінде", - дейді мамандар. 

 
Заң қабылданатын болса иесіз қалған жануар, хайуандарды жаппай аулау белең алады. Қоғамдық ұйым өкілдері "Үкімет пен Мәжіліс ұсыныстарымызға құлақ аспады", - деп отыр. Заңға ұзын ырғасы 25 ұйым қарсылық білдірген. Мәселен, заң жобасында жануар, хайуандарды ұстайтын орталық салу үшін арнайы жер бөлу, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету қарастырылмаған. Ескерілуі тиіс өзге де тұстар бар. 
 

Мысалы, қазір иесі 2 айдың ішінде табылмаған кезде ғана хайуанды аулауға, атуға рұқсат етіледі. Енді осы норма алынғалы жатыр. Сосын төрт аяқтыларды қасақана өлтіргенде ғана жаза қолданылады. Ал бұзақылық жасап, абайсызда өлтіріп алса, ол үшін жауапкершілік көзделмеген. Міне осы тұстарды да ескеру керек еді. Сондықтан біз заң жобасын әлі де толықтыруды және Президенттен аталған құжатқа қол қоймауды сұраймыз", - дейді жануарларды қорғау қауымдастығының жетекшісі Лилия Сәрсенова.


Брижит Бардо Тоқаевқа жануарларды қорғау туралы заң жобасынан олардың өлімін заңдастыратын бапты алып тастауды өтінді.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны