31.03.2022, 17:59 16486
"Қазақстан халкына" қоры қаңтар айындағы оқиғалар барысында зардап шеккендерге 495 млн теңге төледі
Сурет: Facebook/Шелепова
Достарға айту
Қазақстан Халық" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес 2022 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша Қор Басқармасының көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есебін қарады.
Қордан қайғылы қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді, оның ішінде:
- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн.теңге.
- ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн.теңге
- қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн.теңге.
- қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстан Республикасында тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды, әр науқас үшін жеке дәрілік затты өндіру үшін барлық науқастардан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда.
Қамқоршылық кеңес Қор Басқармасы туралы ережені бекітті, atamekenim.kz онлайн-платформасына келіп түскен өтініштерді қарау, Қор жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қор кеңесі туралы ақпаратты назарға алды.
Қамқоршылық кеңес Басқармаға халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары – көп балалы отбасылар, АӘК алушылар, мүгедектер және басқа да санаттар арасынан атаулы көмек алушылар – азаматтар санаттарын айқындау тәсілдері мен нақты критерийлерін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
20.12.2024, 19:53 12581
Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді
Достарға айту
Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бұл - таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік.
Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады.
Қатысу шарттары:
- Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.
- Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:39 12786
2024 жылғы 1 желтоқсанда 411 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
Достарға айту
2024 жылғы 1 желтоқсанда 77,6 мың отбасындағы 411,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты - ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 желтоқсанға АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 128,8 мың балаға 5,0 млрд. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.12.2024, 19:24 13011
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды
Достарға айту
Астанада рекордты көлемде мектептер салынды. Оқу жылының басында 18 мектеп салынып, ашылды. Олардың бір бөлігі - "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.
Қала тұрғындарының өсуін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға қажеттілік артып келеді. Өздеріңіз білетіндей, біз әлеуметтік нысандардың құрылыс көлемін едәуір арттырдық. Мәселен, жаңа оқу жылында 18 мектеп салынды. Олардың 11-і Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында бой көтерді", - деді елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.
Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарда да салынып жатыр. Мысалы, желтоқсан айында Үркер тұрғын алабында жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Оқу орны екі ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген. Қазіргі уақытта №69 мектеп-лицейінде балалар үш ауысымда оқиды. Осылайша, жаңа мектеп толып кету мәселесін шешеді. Балалар жаңа мектепте үшінші тоқсаннан бастап оқиды.
Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматта 24 мектеп салынады. Бұл оқу орындары екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.
Астанада осы жылдың соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, алдағы жылдарға да дайындық жүріп жатыр. Мысалы, 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салынып, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 17:48 29546
Астанада "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды
Достарға айту
Астана қаласының "Көпбалалы отбасылар" мен "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағдарламаның нәтижесі төмендегі тізіммен берілген:
Көпбалалы отбасылар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаты:
- Өткен;
- Өткен жоқ.
Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.
Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан тұрғын үй беру үшін несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды", - делінген орталық хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.12.2024, 13:31 29751
Астанада еліміздің басты шыршасы жағылды
Достарға айту
Бүгін 18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам мерекелік шыршаның шамын жағу рәсімі өтті. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Барлық орында көптеген ойын-сауық түрлері ұйымдастырылған: мұз айдындары, сырғанақтар, шағын архитектуралық нысандар, фотоаймақтар және тағы басқалар.
Ең биік 25 метрлік шыршалардың шамы "Астана Арена" стадионының тұрағында және "Қазақ Елі" монументінің алаңында жағылды. "Астана Арена" стадионының тұрағындағы 25 метрлік шырша жарық декоративті ұлпа қармен және өрнектермен, сары және қызыл реңдегі 2500 ойыншықпен, гирляндалармен және т.б. безендірілген. Шыршаны жағу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Қайрат Баекенов, Ринат Малцагов, AYREE, балалар хоры мен би ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама, жаңа жылдық жәрмеңке, сырғанақтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыптағы фотоаймақтар және т.б. ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Нұра ауданында бүгін тағы сегіз орында шырша шамы жағылды: орталық саябақта, "Зеленый квартал" ТК скверінде, Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал скверінде, "Сарыарқа", "Керуен Сити", "Азия парк", "Хан Шатыр" және "Айланд" сауда-ойын-сауық орталықтарының жанында және Сығанақ пен Ш.Айтматов көшелерінің қиылысында.
Сарайшық ауданындағы Қазақ елі алаңында шырша шамын жағу кезінде қала тұрғындары үшін мерекелік бағдарлама, балаларға арналған аниматорлар және түрлі ойындар ұйымдастырылды. Келушілер ән айтты, би биледі, сырғанақ пен мұз айдынында көңіл көтерді, фотоаймақтарда естелік үшін суретке түсті. Орналасқан жердің өзінде 2 мұз айдыны, екі сәулесі бар сырғанақ, биіктігі 25 метрлік шырша, шағын архитектуралық нысандар мен жарық-люминациялық пано орнатылған.
Сондай-ақ, Сарайшық ауданындағы "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы маңында жаңа жылдық шырша жағылды.
Алматы ауданында жаңа жылдық шыршалар шамы Тәуелсіздік даңғылындағы Оқушылар сарайының аумағында, "Sana Sport" Спорт кешенінің аумағында, Рысқұлбеков көшесіндегі "Алма" саябағында, Astana Music Hall (құмыра) маңында және Қошқарбаев даңғылы, 80/1 мекенжайында жағылды.
Есіл ауданында, ЭКСПО аумағында 23 метрлік шырша да жарқырап тұр. Шырша 4000-нан астам ойыншықпен безендірілген, олардың ішінде диаметрі 15-тен 40 см-ге дейінгі шарлар, гирляндалар және т.б. бар. Алаңда сырғанақтар мен мұз айдыны бар, елорда тұрғындары мен қонақтары шағын архитектуралық нысандардың фонында ертегі кейіпкерлерінің жанында суретке түсе алады.
Байқоңыр ауданында бес орында жаңа жылдық шыршалар мына орындарда безендірілді: Жастар сарайының аумағы, К.Ататүрік атындағы саябақ, Ж.Тәшенов көшесінде, Өндіріс тұрғын алабында (Ақбидай мен Кеменгерұлы көшелерінің қиылысы) және Кирпичный тұрғын алабында (Чехоев және Жолымбет көшелерінің қиылысы), "Қоянды" саяжай алабында. Сонымен қатар, ауданда Кеншілер, 5 және Досмұхамедұлы, 6 мекенжайлары бойынша бес метрлік екі шырша орнатылды.
Сарыарқа ауданында әртүрлі биіктіктегі 3-тен 18 метрге дейінгі алты шыршаның шамы жарқырап тұр. Олар мына мекенжайларда орнатылған: қалалық алаң, Бөгенбай батыр даңғылы, 43 мекеннжайындағы сквер, "Көктал" саябағы, Есіл өзенінің жағасы және Юбилейная көшесі, 22.
Естеріңізге сала кетейік, елорданың 6 ауданында бүгін 30-дан астам мерекелік шыршаның шамы жағылды, сондай-ақ мұз айдындары, сырғанақтар, жаңа жылдық жәрмеңке және т.б. бар қысқы қалашықтар өз жұмысын бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.12.2024, 15:39 39886
Еліміздің бірнеше республикалық трассаларында жол қозғалысы ашылды
Достарға айту
Еліміздің бірнеше республикалық трассаларында жол қозғалысы ашылды, деп хабарлайды "КазАвтоЖол".
2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 07:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Алматы облысы:
Алматы-Өскемен" автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін)
"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін).
"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін)
"Көкпек-Кеген-Тюп" автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін)
Жетісу облысы:
Алматы-Өскемен" автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін)
Алматы-Өскемен" автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін)
Алматы-Өскемен" автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы)
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.12.2024, 19:07 53101
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Сырдарияның сол жағалауында баспана кезегінде тұрған отбасыларға арнап салынған жеті қабатты 6 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау - еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекетіміз үшін қастерлі мереке - Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!", - деді, жаңа қоныс иелерін құттықтаған вице-премьер.
Жаңа пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Мәселен, Әсия Есенбекова 5 жыл пәтер кезегінде тұрған.
Бүгін бізге 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Баспаналы болу - біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз өте ризамыз. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз", - деді Әсия Есенбекова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2024, 17:33 57606
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Достарға айту
Алматыда "Нұршашқан" шағын ауданы тұрғындарын қолжетімді көлікпен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрақты автобус бағыты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
№91 бағыттағы автобус "Нұршашқан" шағын ауданы - Алматы-2 теміржол вокзалы" бағыты бойынша 13 желтоқсаннан бастап қатынайды. Бұл бағытты "Алматыэлектротранс" ЖШС "Golden Dragon" маркалы газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Күн сайын 12 автобус жолға шығады, қозғалыс аралығы 12 минут.
Айта кету керек, жолаушылар мен жүкті автокөлікпен тасымалдау ережесіне сәйкес, маршрут уақытша байқау өткізілгенге дейін тасымалдаушыға берілді және сынақ режимде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігін ескере отырып, қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алды. Жыл басынан бері қалалық мобилділік басқармасы 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрутты ұйымдастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.12.2024, 20:37Елімізде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайды 17.12.2024, 20:27 59801Алматыда бірден екі құрылыс нысаны бұзылады18.12.2024, 13:36 56411Қазақстан Үкіметі, Ұлттық Банк және Стати тараптары дауды реттеуді аяқтады18.12.2024, 13:28 56391Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі төрағалығын аяқтады18.12.2024, 17:50 56156Алматыда жедел медициналық жәрдем автопаркі 40 пайызға жаңартылды
22.11.2024, 14:04 139031Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда22.11.2024, 14:08 138816Қазақстанда астықты терең өңдеу бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда22.11.2024, 14:00 113361Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында "KAZ" және "KZ" жаңа индекстері бекітілді12.12.2024, 17:30 110716Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110091Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды