13.06.2022, 15:46 9451

Қазақстанда коронавирус ауруының бес жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда коронавирус ауруының бес жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 5 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 867 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 1 жағдайы анықталды. 
 
13 маусымға КВИ-ден 157 адам (115 КВИ+ және 42 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 35 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 122 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 7 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 3 пациент бар. 
 
2022 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 514 841 адам, 2-ші компонентпен - 9 292 996 адам вакцинацияланды. 4 703 221 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны