01.11.2022, 14:28 7241

Қазақстанда білім беруге ұзақ мерзімді жеңілдетілген несиелер беру жоспарлануда

Тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.
Астана. 1 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту туралы айтты.
 
Министрдің айтуынша, аталған тәсіл грант бағасы жүйесіне (30%дан 100%-ға дейін) дифференциация енгізуде де қолданылатын болады.
 
Білім алушыларға 2-3%-дық жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр.
 
Оның сөзінше, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған (Абай, Ұлытау, Жетісу) облыстарының талапкерлеріне грант бөлу жалғасады.
 

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады", - деді С. Нұрбек.

 
Бұдан басқа, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін көрсеткіштер бойынша жетілдіріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны