10.05.2023, 15:15 16546

Жолда шлем кимеген электр самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады

Жолда шлем кимеген электр самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады
Елімізде шлем кимеген электр самокат жүргізушілеріне айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол бойында самокат пен автокөлік соқтығысқан жағдайда ғана статистика жүргізіледі. Былтыр елімізде осындай 43 апат болды, бір адам қаза тапты. Олардың барлығы Алматыда тіркелді. Биылдың өзінде осындай екі факті бар. Бірақ бұл электр самокаттың автокөлікпен немесе мотоциклмен соқтығысқан кездегі статистикасы. Жаяу жүргіншілер жолағында апаттар әлдеқайда көп. Алайда бұл оқиғалар бойынша статистика жүргізілмеген. Енді көліктің осы түріне қатысты нақты талаптарды заңдастырсақ, Бас прокуратура мұндай статистиканы қамтиды", - деді Игорь Лепеха Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.


Оның айтуынша, елімізде электр самокаттардың жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.

Самокатпен жолға шыққан кезде, оның жүргізушіде міндетті түрде тиісті шлем мен жарық шағылыстыратын (түнде) киімі болуы керек. Бұл талаптарды елемегендерге айыппұл салынады", - деді министрдің орынбасары.


Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды. Құжат аясында электр самокаттармен жолда жүру тәртібі реттеледі.

Электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны