08.09.2023, 17:19 39331

Ақмола облысында жасөспірім қыз здестірілуде

Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған
Ақмола облысында жасөспірім қызды полицейлер мен еріктілер іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының тұрғыннан оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті. Ол 7 қыркүйегінде сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Аталған жасөспірім бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған.

Жасөспірім белгілері: бойы 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген.

Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, іздеуге еріктілер қосылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны