04.02.2022, 19:03 33491

Алматы билігі қала әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу жобасын қолдауға ниетті

Алматы билігі қала әуежайында жаңа жолаушылар терминалын салу жобасын қолдауға ниетті
АЛМАТЫ. 4 АҚПАН - Алматы әкімі Ерболат Досаев TAV Airports Holding президенті және бас директоры Мұстафа Сани Шенермен кездесу барысында жаңа жолаушылар терминалын модернизациялау және салу жөніндегі топтың инвестициялық жоспарларын талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ерболат Досаев Алматы Халықаралық әуежайы – қаланың визит карточкасы екенін және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мегаполис экономикасына мультипликативті әсер беретінін атап өтті.
 
Бұдан басқа, оның айтуынша, әуежайды жаңғырту оңтүстік астананың туристік әлеуетін дамытуды күшейтеді, оның инвестициялық тартымдылығын және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін ыңғайлылық деңгейін арттырады.
 

Қала билігі жобаны қолдауға және нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін проблемалар мен мәселелерді шешуге ықпал етуге дайын", - деп атап өтті Алматы әкімі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны