02.08.2023, 18:49 39941

Алматы облысында "Aport Mall" сауда орталығына жарылғыш зат қойылғандығы хабарланды

Жарылғыш зат туралы хабарлама тікелей полицияның кезекші бөліміне келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жарылғыш зат пен қоңырау шалушыны іздестіріп жатыр.

Куәгерлер түстен кейін Қарасай ауданындағы "Aport Mall" СОСО-дан адамдарды эвакуациялау басталғанын айтады. Автотұрақтан көліктер жаппай кетіп жатыр, орталық аумағына кіруге шектеу енгізілді.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz-ға сағат 14: 50-де кезекші бөлімге аталған сауда орталығында жарылыс болуы ықтимал туралы ақпарат келіп түскенін жеткізді.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері сауда орталығының аумағын қоршауға алып, одан шыққан барлық көлікті тексере бастады.

Бұл факт ҚР ҚК 273-бабы бойынша Қарассай ауданы ПБ-ның ЕҚДБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттар бар-жоғын тексеріп, анықтау үшін арнайы операция жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, күдіктінің жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары қолға алынды", - деп хабарлады облыстық ПД.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны