06.10.2022, 16:13 21751
Алматы әуежайында ескі VIP-терминал ғимаратына қосымша бұзылды
Достарға айту
АЛМАТЫ. 6 ҚАЗАН - Алматы халықаралық әуежайында VIP-терминалдың ескі ғимаратына қосымша бұзылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
VIP-терминалдың ескі ғимаратының жалғасы бұзылды. Қазір бас ғимараттың негізгі архитектуралық элементтері мұқият көшіріліп жатыр", - деп хабарлады агенттік тілшісіне әуежайдың баспасөз қызметі.
Бұған дейін қоғам белсенділері Алматы әуежайындағы VIP-терминал бойынша шешіммен келіспейтіні хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ірі инвестордың қаражаты есебінен халықаралық әуежайдың жаңа терминалы салынуда.
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың айтуынша, жаңа терминал әуежайдың өткізу қуатын жылына 2,5 миллион жолаушыдан 14 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы құны 90 млрд теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарланған", - деді Берік Солтанбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
12.02.2025, 14:38 32701
Алматыда қоғамдық көліктің тағы 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды
Достарға айту
Алматыда қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі-жаңадан құрылған қоғамдық көлік маршруттарын халыққа қолжетімді ету үшін әлеуметтік маңызы бар деп тану, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қалалық Мәслихат депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде Алматының мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қала маңындағы тұрғындардың едәуір бөлігінің қоғамдық көліктің жетіспеушілігі проблемасына тап болып отырғанын, бұл оларды жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр ететінін атап өтті.
Күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік келеді. Қала аумағына кіретін көлік құралдарының жоғары ағынын қысқарту және қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында бүгінде Алматы әкімдігі 147 қалалық және 54 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне тек 178 маршрут енгізілген. Халық үшін қалған 23 маршруттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу қажет", - деп атап өтті басқарма басшысы.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бұл ұсынысты қолдады.
Айта кетейік, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада қала маңындағы 20 және 2 қалалық маршрут іске қосылды. Ағымдағы жылы қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында 800 экологиялық таза автобус сатып алу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:34 47751
"Zhastarmen" жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде
Достарға айту
Zhastarmen жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тарта отырып, есірткіге қарсы құқық бұзушылықтармен күресті белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Жақында Алмалы ауданында өткізілген торуылдаулар (рейдтер) студенттердің, Полиция департаментінің және ҚР ҚМА Кинологиялық орталығының өзара іс-қимылының тиімділігін көрсетті.
Есірткі құқық бұзушылық картасы негізінде ұйымдастырылған бірлескен торуылдау аясында есірткі құралдарын жасырын белгілеушілер ұсталды.
Олардың біреуінен тыйым салынған заттың 40 орамы тәркіленді, бұл ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болды.
Сондай-ақ торуылдауға қатысушылар ғимараттарға салынған 100-ден астам наркограффитіні жойып, есірткі жарнамасын таратқан адамдарды ұстады.
Есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жалғасуда және "Zhastarmen" жобасы барлық адамдарды сырт қалмай, қоғамдағы позитивті өзгерістердің бір бөлігі болуға шақырады!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.02.2025, 10:20 48001
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды
Достарға айту
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның "Махаббатым өзімде" өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады.
Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті.
Әннің премьерасы "Qazaq Radiosy" және "Shalqar Radiosy" радиостанцияларының эфирінде орындалды.
Айта кетейік, биыл Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.02.2025, 16:04 71296
Ұлттық парктегі көлдердің айдындарында көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынды
Достарға айту
Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 555 бұйрығымен бекітілген "Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларына" сәйкес, Ұлттық парктердің су айдындарында, соның ішінде Бурабай көлінің бетіндегі мұз басқан айдында квадроциклмен жүруге тыйым салынғанын хабарлайды.
Бурабай" МҰТП дирекциясы Ұлттық парк аумағында бизнестің мұндай түрін жүргізуге рұқсат берілмегенін еске салады. Суқоймалардың маңында "Көлге кіруге тыйым салынады" ақпараттық тақталар орнатылған.
Күн сайын Ұлттық парктің инспекторлық құрамы Ақмола облыстық полиция департаменті Бурабай аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, табиғат қорғау заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Биыл 1 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жалпы қолданыстағы жолдан Бурабай көлінің мұзайдынына квадроциклдер шығып кетуіне байланысты 8 факті тіркелді. Барлық жағдайда көлік құралдары тәркіленіп, иелеріне әкімшілік айыппұл салынды.
Бурабай" МҰТП ұжымы Ұлттық саябаққа келушілерден табиғатқа жанашырлық танытуды, ықтиятпен қарауды сұрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.02.2025, 17:38 81971
Елордада 8-9 ақпанда демалыс күнгі жәрмеңке өтеді
Достарға айту
Астанада 8-9 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Мұнда Қазақстанның түрлі өңірлерінен - Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады.
Қала тұрғындары мен қонақтары жеміс-жидек пен көкеніс, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырын, жем және т.б. сатып ала алады.
Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша "Koktal" сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Жәрмеңке әр демалыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:29 101461
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында альт музыкасына арналған концерт өтті
Достарға айту
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дәстүрлі альт музыкасына арналған концерт өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара Қазақстанның танымал альтисті, профессор, "Құрмет" орденінің кавалері, Қазақстан альт мектебінің негізін қалаушы Яков Фудиманды (1934-2007) еске алуға арналды.
Кешке Я. Фудиманның шәкірттері, музыканттар және альт музыкасын сүйіп тыңдаушылар жиналды. Яков Фудиман музыка саласында мол мұра қалдырған тұлға. Сондай-ақ, ол 150-ден астам студент тәрбиелеген үлкен мектеп қалыптастырды. Олардың қатарында мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жетекші педагогтар мен артистер бар.
Яков Фудиманды еске алу кеші - концерт қана емес, маэстроның Қазақстандағы альт өнерін дамытуға қосқан зор үлесін айшықтаған ерекше мәдени іс-шара болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.02.2025, 13:18 101771
Қаңтарда Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді
Достарға айту
Қаңтар айында Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 2,6 млрд текше метр су келді. Бұл бастапқы болжамнан 100 млн текше метрге артық. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі ірі су шаруашылығы нысандарын аралады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Нұржан Нұржігітов Мақтаарал ауданының Мырзакент кентінде облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Министр аймақты қажет су көлемімен толық қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Былтыр біз көрші елдермен белсенді келіссөз жүргіздік, осының нәтижесінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды суармалы сумен толық қамтамасыз еттік. Біз "Қазсушар" мекемесінің жергілікті дихандармен жасаған келісімшарттарының қаншалықты орындалғанын мұқият тексереміз. Атап айтқанда, келісімшартсыз су беру арқылы заң бұзушылық фактілері бар-жоғын анықтаймыз. Осыған дейін облысқа министрліктің Ішкі аудит департаментінің өкілдері келген болатын. Дүйсенбіден бастап біздің мамандардан жасақталған тағы бір жұмыс тобы тексеріс бастайды", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Түркістан облысының тұрғындары министрге ирригация және дренаж жүйелерін реконструкциялау, жекелеген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі, суармалы суды бөлу, су беру жөніндегі келісімшарт жасау, жаңа су қоймаларын салу, білікті мамандарды даярлау және шаруаларға субсидия беру жөнінде сұрақтарын қойды.
Азаматтармен кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов Шардара су қоймасының жай-күйі мен 2023 жылы реконструкциядан өткен бөгетінің жұмысын тексерді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.02.2025, 19:52 107306
Астанада өткен демалыс күндері арнайы рейд барысында 800-ге жуық заңбұзушылық анықталды
Достарға айту
Құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында Астананың барлық ауданында компьютерлік клубтарда, кинотеатрларда, жатақханаларда, ойын-сауық орындарында және басқа да нысандарда жаппай рейдтер жүргізілді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Құқықтық тәртіп" шарасын жүзеге асыру аясында қалада жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізілді. Астана қаласының Полиция департаменті мен аудан әкімдіктерінің қызметкерлері заң бұзушылықтарды анықтау және профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында компьютерлік клубтарды, кинотеатрларды, жатақханаларды, ойын-сауық және басқа да мекемелерді тексерді.
Қалада "Құқықтық тәртіп", "Қауіпсіз қала" және "Күнделікті өмір" қоғамдық іс-шараларының өткізілуіне байланысты жергілікті орындарда рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Полиция департаменті мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамы елорданың едәуір бөлігін, оның ішінде жеке секторды, тұрғын үйлерді және т.б. аумақтарда тексерулер жүргізді. Іс-шаралар барысында елорда тұрғындары мен қонақтары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар жүргізілді. Операцияға арнайы жасақ - СОБР мен Ұлттық ұлан да жұмылдырылды", - деді Астана қалалық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ержан Әділбеков.
Рейдтік іс-шаралар барысында 800-ге жуық түрлі қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік сусындар ішу, кальян шегу, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз қалуы және т.б. белгілі болды.
Барлық құқық бұзушы айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалыс және мереке күндері белсенділік арта отырып, рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.
Айта кету керек, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелері мен ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.02.2025, 15:02Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді 11.02.2025, 15:16 132986Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.02.2025, 10:26 106631Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады12.02.2025, 14:36 1063862024 жылы 19 мыңнан астам адам "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасты12.02.2025, 14:41 106011Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақы бойынша 318 млн теңгеден астам соманы құрайтын берешекті анықтады
24.01.2025, 16:38 136151Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда11.02.2025, 15:02 133461Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Қазақстанның азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиялық бас жоспарын әзірлейді24.01.2025, 16:24 133381Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді24.01.2025, 16:20 133071Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті11.02.2025, 15:16 132986Мемлекет басшысы Иран Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады