01.08.2023, 09:59 20726

Алматыда "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды

Алматыда "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды
Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін "Алмагүл" жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.

Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан "Алмагүл" қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді.

Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған "Алмагүл" шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар "АЖК" АҚ-мен жүргізіледі.

Айта кетерлігі, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны