12.03.2021, 21:20 16767

Алматыда демалыс күндері Сауда үйлері мен СОО жабылады

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда демалыс күндері сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жұмыс істемейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің 10 наурыздағы қаулысына сәйкес сенбі және жексенбі күндері қалада спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, СОО, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне тыйым салынады.
 
 
Ал ашық базарлар сенбі күні жұмыс істейтін болады. Алайда жексенбіде олардың қызметіне де тыйым салынады.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны