15.03.2021, 19:23 7870

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау күшейтілді

Қазіргі уақытта мониторингтік топтардың саны 32-ге дейін артты.
Алматы. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда карантиндік шаралардың сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.
 
Қазіргі уақытта мониторингтік топтардың саны 32-ге дейін артты. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 13 наурызына дейін 7648 объектіде 986 рейд жүргізілді, онда 667 карантиндік шаралар бұзылған объектілер анықталды. Жалпы сомасы 77 428 350 теңгеге 699 хаттама жасалды, деп хабарлады коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК.
 
Сонымен қатар, сот органдарына 57 талап арыз жолданды, оның 20-сы бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы қалада 26 мониторингтік топ құрылды, олар 21 590 объектіде 3149 рейд жүргізді. Шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 333 165 540 теңгеге 5182 хаттама жасалды. 
 
Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда өткен тәулікте коронавирустың 342 жағдайы тіркелген, Алматы қаласында барлығы 27 703 жағдай тіркелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны