01.11.2024, 16:34 77841

Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

2-3 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жәрмеңкеге Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 345 тонна құрайды, оның ішінде:

- Ет өнімі - 70 тонна;

- Жеміс-көкөніс өнімі - 100 тонна;

- Сүт өнімі - 80 тонна;

- Балық өнімдері - 5 тонна;

- Өзге өнімдер - 90 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 1 қараша сағат 20:00-ден 3 қараша 20:00-ге дейін жабылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны