29.03.2021, 17:36 8351

Алматыда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған реанимациялық төсек саны артады

Бүгінгі таңда жұмылдырылған инфекциялық стационарларда 5 000 төсек-орын бар.
АЛМАТЫ. 29 НАУРЫЗ - Алматыда КВИ пандемиясымен күресу үшін дайындалған инфекциялық төсектердің жетіспеушілігіне байланысты реанимациялық төсектердің санын арттыру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, инфекциялық стационарларда, модульдерде, клиникалардың инфекциялық бөлімшелерінде, "Халық аренадағы" консервацияда жалпы қуаттылығы 7 011 төсек-орын және 250 реанимациялық төсек-орын орнатылған. Бүгінгі таңда жұмылдырылған инфекциялық стационарларда 5 000 төсек-орын бар. Ауруханаларға 2 746 адам жатқызылған, оның ішінде 133 бала. 35 емделушінің жағдайы өте ауыр. 257-сі ауыр, 2 454-і орташа ауыр жағдайда.
 
Сағынтаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай нашарлап бара жатқанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Алматы 10 наурыздан бастап "қызыл аймақта" тұр. 27 наурызда бір тәулік ішінде коронавирустың 510 жағдайы тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны