01.09.2023, 17:37 27131

Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды

Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде 8 жолақты көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылы шілдеде техникалық сараптама нәтижелеріне сәйкес апаттық жағдайда деп танылған әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жұмыстары басталған болатын. Жаңғырту жұмыстары аясында беларқаларды күшейту, ескілерін алынып, 96 жаңа аралық құрылыс плиталары орнатылды, гидроизоляция жасалып, асфальтбетон жабыны төселді. 1 қыркүйек кестеге сәйкес техникалық ашылуы болды.

Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жаяу жүргіншілерге көлік жүретін бөліктің екі шетінен уақытша жолақ бөлінген. Көпірдің бойымен толығымен көлік қозғалысы ашық.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны