22.07.2023, 21:26 34761

Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды

Тау өзендердегі судың лайлануы тазарған сайын сумен қамту қалпына келтіріледі
Алматыда Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша тоқтатылды
Жауын-шашынға байланысты сумен қамту тораптарында судың лайлану деңгейі артып, су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Соның нәтижесінде мына мекенжайлардағы тұтынушыларға су беру тоқтатылды: Юбилейный ш/а., Тау Самал ш/а. (Каменск үстірті), "ВИП Алем" коттедж қалашығы, "Европолис" ТҮК, Керей Жәнібек хандар көшесі, Оңдасынов көшесі, Ладушкин көшесі, Оспанов көшесі, Қыз Жібек көшесі, Жәнібеков көшесі, Найманбаев көшесі, Достық даңғылы, Чайкин көшесі.

Көк Төбе" ш/а., "Самал 1-3", ш/а. "Таулы қырат" ш/а-дағы Қажымұқан, Байжанов, Луганский, Достық даңғылы, Нұрмағамбетов, Сахариев көшелеріндегі желідегі судың қысымы төмендеді.


Тау өзендердегі судың лайлануы тазарған сайын сумен қамту қалпына келтіріледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны