26.06.2024, 16:40 42966

Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі

Қозғалыс екі жаққа да жабылады
Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі
2024 жылғы 27 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматының Бостандық ауданында Алмагүл шағын ауданының 15 үйінен Жароков көшесіне дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Қозғалыс екі жаққа да жабылады. 1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1240 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жҚозғалыс екі жаққа да жабылады.ұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру объектісін, 2 денсаулық сақтау объектісін және 15 Өзге де объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық сумен жабдықтау сақталады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны