Ақкент" тұрғын үй кешенін салған "Ayt housing Complex" ЖШС қаза тапқан әйелдің отбасына өтеусіз негізде екі бөлмелі пәтер береді, деп хабарлайды "Ayt housing Complex" ЖШС баспасөз қызметінен.
Компания атынан Әсел Бекмұхамбетованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Марқұмның әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілейміз",- деп хабарлады құрылыс компаниясынан.
Ayt housing Complex" құрылыс компаниясының бас директоры Қанат Ералиев компания өрт шыққан үйді қалпына келтіретінін атап өтті.
Біз өз бастамамызбен үйді қалпына келтіру шығынын мойнымызға алуға дайынбыз", - деді ол.
2020 жылдың қаңтарына дейін бұл үй бос тұрды. "Ayt housing Complex" ЖШС бұл үйдің тапсырыс берушісі және меншік иесі емес. Бұл үйге тұрғындар тек 2020 жылы қоныстанды, үйдің иесі жаңарды. Аталған тұрғын үй кешенінде қызмет көрсететін басқару органы - "Ақкент ТК" МИБ (ОСИ). Өткен жылдың наурыз айында МИБ "Ayt Facility Management" ЖШС атынан басқарушы компаниямен шарт жасасты, оның директоры - Г.С. Маженов",- делінген "Ayt housing Complex" ЖШС баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
АГ МЕЛЬКО Элеватор Казахстан Компани" ЖШС лифт компаниясы қызмет көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.