03.08.2023, 16:45 48971

Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттен зардап шеккендерге қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде

Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды
Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттен зардап шеккендерге қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде
Сурет: Depositphotos
Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты.

Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.

Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы (№2 БҚКА), Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы (БШМКО), № 7 Қалалық клиникалық аурухана (№7 ҚКА), Жедел медициналық көмек ауруханасы (ЖМКА), Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКА), №4 қалалық клиникалық аурухана (№4 ҚКА).

Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.

Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны