03.08.2023, 11:02 39476

Қарағанды ​​облысының әлеуметтік мекемесінде уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат

Қарағанды ​​облысының әлеуметтік мекемесінде уланған балалардың жағдайы туралы ақпарат
Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы 2023 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша облыстағы әлеуметтік мекемеде уланған балалардың жағдайы туралы ақпаратті мәлім етті.

Стационарлық емделуде, оның ішінде жансақтау бөлімінде жатқан балалардың жағдайы нашарлаған жоқ, динамикасы тұрақты", - деп көрсетілген мәлімдемеде.


Сондай-ақ бөлімде 31 тамызда қабылданған және нейробокс бөлімінде жатқан екі науқас бүгін шығарылатыны белгілі болды.

Қарағанды ​​облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану орын алды. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 30 шілдесінде орталықтағы екі бала өзін нашар сезінген: құсу және нәжістері босаңсыған. Осы мекеменің тағы 10 баласы 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға түскен. Дәрігерлер қанша тырысқанымен бір баланы аман алып қалу мүмкін болмады. 1 тамыз күні ауруханаға тағы екі бала түскен. Балалардың жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстың арнайы прокурорларының басқаруына берілді.

2 тамызда екі баланың жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылды. Олар облыстық клиникалық аурухананың жұқпалы аурулар орталығының бөлімшесінде емделді.

Бас прокуратура елдегі жаппай уланудан кейін балаларға арналған барлық арнайы орталықтарды тексеретіндерін айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны