18.09.2024, 15:37 29241

Астанада 21 қыркүйек күні жалпықалалық сенбілік өтеді

Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында осы демалыста, яғни 21 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Сенбілік аясында қала аумағын қоқыстан тазарту, саябақтарды, гүлзарларды, аулаларды, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану нысандарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жоспарланып отыр.

Әкімдік қаланың барлық кәсіпорнын, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын экоакцияға қосылуға шақырады.

Ауқымды экоакция аясында 2 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.

Қала тұрғындары мен ұйымдары көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қоса алады. Экоакция сағат 9.00-де басталады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны