04.10.2024, 17:56 976

Астанада 500-ден астам орынға арналған заманауи студенттік жатақхана салынады

Астанада 500-ден астам орынға арналған заманауи студенттік жатақхана салынады
Esil University аумағында мемлекет қолдауымен МЖӘ аясында жаңа заманауи жатақхана салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Болашақ құрылыс алаңының аумағында жаңа ғимараттың макеті көрсетілді. Салтанатты іс-шараға елорда әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, мәслихат депутаттары және қоғам қайраткерлері қатысты.

Жоба қаланың Бас жоспарына енді. Бәрі құрылысқа дайын. Біздің жатақхана заманауи кампус түрінде болады. Біріншіден, бұл белгілі бір стандарттарға үйренген шетелдік студенттерді тартуға мүмкіндік береді. Жатақхана шетелдік және отандық студенттер үшін қолжетімді болады", - деді Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.


Сонымен, жаңа ғимарат 507 студентті қабылдай алады. Жаңа жатақхананың құрылысы 2025 жылдың көктемінде басталады деп күтіліп отыр.

Бүгін біз жаңа жатақхана жобасын таныстырамыз. Жоспарға сәйкес, ғимарат жалпы ауданы 6600 шаршы метр болатын бес қабатты болады. Жатақханада барлығы 507 төсек-орын қарастырылған. Жертөледе 210 адамға арналған асхана болады. Қалған қабаттарда үш және төрт бөлмелі болады. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған бір бөлме қарастырылған. Сондай-ақ, әр қабатта кір жуатын, үтіктеу бөлмелері, тұрмыстық ас үй және демалыс бөлмесі қарастырылған", - деді инвестор Таха Алтайлы.


Айта кетейік, биыл Астанада МЖӘ аясында 6 жатақхана салынып, пайдалануға беріледі. Олар 4,5 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Жатақханалардың бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, 2025 жылы тағы 2 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны