05.09.2023, 18:13 15801

Астанада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

Қазіргі таңда аталған балабақшаларда психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент мамандары психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын істеп жатыр
Астанада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады
Сурет: gov.kz
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Астананың балабақшаларында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтсақ №54, №60, №66, №95 мектепке дейінгі ұйымдарындағы инклюзияны қолдау кабинеттері аутизмі бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесіне қосу, мектепке даярлау және қоғамға әлеуметтендіру мақсатында ашылып жатыр.

Одан өзге, №8, №11, №30, №76 балабақша жанындағы 4 шағын орталықта қосымша инклюзияны қолдау кабинеттері қолданысқа беріледі. Бұл «Әрбір бала мектепке лайық» жобасы аясында іске асырылуда.

Қазіргі таңда аталған балабақшаларда психолог, логопед, дефектолог, педагог-ассистент мамандары психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын істеп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны