14.11.2023, 17:37 71246

Астанада жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйге 5,6 мыңнан астам өтінім берілді

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді
12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Qatysu.zhilfond.kz порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түсті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді.

Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.

Қорытынды zhilfond.kz сайтында жарияланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны