22.11.2023, 16:48 58196

Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ пайда болады
Астанада жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі
Сурет: gov.kz
Елордада ауа райының нашарлауы, әсіресе екпінді жел мен көктайғақ байқалады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр және жолдарда көктайғақ болмас үшін барлық шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ пайда болады.

Қала тұрғындарының ыңғайлы жүруі үшін жолдар мен тротуарларға, көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Елордада 22 қараша күні таңертең қар тазалау жұмысына екі мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтағаны және көшеде жүргенде абай болғаны жөн.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны