20.11.2023, 17:39 50191

Астананың бірқатар орталық көшесінде біржақты қозғалыс болады

Бұған қоғамдық тыңдаулар болады
Елордада ақылы автотұрақтар орналасқан орындар қайта қаралады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Келер айда біз автотұрақтардың орындарын қайта қарастырамыз. Біз әлеуметтік нысандардың маңында, яғни ауруханалар, мектептер аймағындағы орындарда тегін автотұрақ болады. Бірақ, негізгі ақылы автотұрақтар қала орталығындағы көлік қозғалысын реттеудің негізгі тетіктерінің бірі екенін түсінуіміз керек", - деді Ж. Қасымбек бүгін қала кәсіпкерлерімен кездесу барысында.


Айтуынша, ақылы автотұрақтар барлық ірі қалаларда, орталықта, көлік қозғалысында проблемалары бар жерлерде жасақталған.

Сондықтан, локация мен жұмыс уақытының өзгеруін, тариф мәселелерін ескере отырып, біз келер жылы көліктердің жүру бағыты бойынша түбегейлі өзгерісті жоспарлаймыз. Орталықтағы бірқатар көшеде біржақты қозғалыс болады. Бұған қазірден бастап дайындалып жатырмыз, қоғамдық тыңдаулар болады", - деді қала әкімі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны