09.08.2023, 11:57 44981

Атырау мектептерінде 600-ден астам мұғалім жетіспейді

Орыс сыныптарына дәріс беретін 400 мұғалімнің жетіспеушілігі байқалып отыр
Атырау мектептерінде 600-ден астам мұғалім жетіспейді. Әсіресе, математика, тарих пәндерінен беретін және бастауыш сыныптарға мұғалімдер қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық білім бөлімі басшысының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Ерлан Балмұхановтың айтуынша, орыс сыныптарына дәріс беретін 400 мұғалімнің жетіспеушілігі байқалып отыр.

Қазақ сыныптарына математика пәнінен сабақ беретін 30, орыс сыныптарына 45 мұғалім жетіспейді. Ал, тарих пәнінен дәріс жүргізетін 25 мұғалімнің тапшылығы бар. Білім ордаларында психологтердің орны бос тұр. Мектептердегі кадр тапшылығының басты себебі - жалақының аздығы. Жұмысқа орналасу үшін көптеген қиындыққа тап болады. Мұғалім болу үшін дипломмен бірге тиісті портфолио қажет. Комиссия біліктілік сәйкестігін тексереді. Содан кейін тест тапсыруы керек. Көбісі сол сынақтан өте алмайды. Егер мұғалімдер тестіні ойдағыдай тапсырған болса, онда мұғалімнің балалармен жұмыс істеуіне байланысты жеке қасиеті тексеріледі", - дейді Ерлан Балмұханов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны