15.05.2023, 16:35 16696

Қазақстан боксшылары 415 мың доллар сыйақы алады

Бүгін елорда әуежайында бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алды
Әлем чемпионы болған Қазақстан боксшылары 415 мың доллар сыйақы алады, деп мәлім етті Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Министрлік тарапынан әлем чемпиондарының әрқайсына 15 мың доллардан береміз және олардың бапкерлеріне де 15 мың доллар қарастырылған. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан - 100 мың доллар, AIBA тарапынан 200 мың доллар беріледі, - деді Асхат Оралов бүгін елорда әуежайында бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қарсы алу салтанатында.


Еске салайық, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларымызға өз қаражаты есебінен қосымша 100 мың доллардан беретінін айтқан еді.

Сонымен бірге министр әлем чемпионатындағы жетістікті - тарихи ұлы жеңіс деп мәлімдеді.

Қоса кетсек, бүгін жеңімпаздардың алғашқы легі елге оралды. Чемпиондардың екінші тобы - Санжар Тәшкенбай мен Нұрбек Оралбай Астана уақытымен сағат 16:00-де елордаға қонады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатын 4 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны