16.11.2023, 12:29 51746

Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті

Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті
Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент Twitter-де.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Finprom.kz мәліметтері бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны