30.09.2024, 14:25 4096
Қазақстанда 100 жастан асқан 420-дан астам адам бар
Достарға айту
Елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметінен.
Әдетте, ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде көбірек деуге болады. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 адам бар екенін айта кету керек.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында ең ірі қаламыздың бірі - Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 адам тұрады.
Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны - 114 жас, Павлодар облысы - 112 жас, Түркістан облысы - 110 жас кірді.
Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45 сессияда жариялады.
Оны өткізудің басты мақсаты - егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың проблемалары мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.09.2024, 17:27 1966
Астанада референдум өтетін күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады
Достарға айту
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Бұл күні Астана автобустарында жол жүру тегін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
6 қазанда Республикалық референдум өткізілетін күні қалалық және қала маңындағы маршруттарда жол жүру тегін болады.
Автобустар таңғы сағат 6:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазаннан бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.09.2024, 17:19 2181
Алматыда 420 орынды жаңа мектеп салынады
Достарға айту
Алматыда 420 орынды жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы, "Almaty Finance" ЖШС Алматы қаласы Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды.
Қарыз алушы "Orken Education" ЖШС 200 млн. теңгеге өз қаражаты есебінен құрылыс материалдарын ішінара сатып алуға және кейіннен бірінші қабаттың құрылысына жұмсады. Өз кезегінде, "Almaty Finance" ЖШС оқу орнының құрылысын аяқтауға және жабдықтауға 288 млн.теңге бөлді.
Жобаны қаржыландыру "Almaty Business-2025" кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылды құрайды. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған. Ашылғаннан кейін жаңа оқу орнына бір уақытта 420 оқушы келе алады.
Жаңа мектептің құрылысы Наурызбай ауданында мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жоба сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептің қызметі есебінен жергілікті бюджетке салық түсімдері ұлғаяды", - деді "Almaty Finance" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2024, 18:17 18626
Астанада Мәуліт кеші өтті
Достарға айту
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен "Пайғамбар - ізгі қоғам жаршысы" атты Мәуліт кеші өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәуліт кеші Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сөзімен салтанатты түрде ашылды. ҚМДБ төрағасы елорда жұртшылығын Мәуліт айымен құттықтады.
Қасиетті Мәуліт баршамызға мүбарак болғай! Біздің жыл сайын асыға күтетін Мәуліт мерекесінде қауышып, көріскенімізге шын жүректен қуаныштымыз".
Кеште қасиетті Мәуліт жыры оқылып, елдің амандығы үшін дұға жасалды. Сондай-ақ әсерлі жыр - термелер орындалды. Сол сияқты кеш көрермендері үшін арнайы көрме де ұйымдастырылды.
Айтулы кеште белгілі әнші, композитор Құрмаш Махан ән шырқап, "Номад" этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Сондай-ақ Аstana Musical театрының актерлері түрлі тақырыптарда қойылымдар ұсынды.
Мәуліт кешінің билеттерінен түскен қаражат толықтай қайырымдылыққа арналып, кеш соңында 10 адамға "Мәуліт сыйлығы" берілді.
ҚМДБ осы жылды дін саласында "Ислам және дәстүр құндылығы жылы" деп жариялады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2024, 18:15 18831
Алматыда Almaty Marathon өткізу кезеңінде қоғамдық көлік қозғалысының сызбалары өзгереді
Достарға айту
Алматыда 29 қыркүйекте Almaty Marathon өтеді, осыған байланысты сағат 06.00-ден 12.30-ға дейін 74 автобус маршруттарының сызбалары өзгертіліп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Әрбір маршруттың қозғалысының уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасында сілтеме бойынша толық танысуға болады: https://t.me/AlmatyJoly/1369
Еске салайық, 29 қыркүйекте сағат 6:20-дан 12:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Қашықтықтан өту барысында спортшылар трассаны ашады.
Марафонның басталуы мен аяқталуы Республика Алаңында болады, сондықтан Сәтбаев көшесі бойымен Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін екі жолақ 28 қыркүйек сағат 6:00-ден 29 қыркүйек сағат 22:00-ге дейін жабылады.
29 қыркүйек:
Назарбаев даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі қозғалыс 6:25-тен 09:35-ке дейін толығымен жабылады. Достық даңғылымен екі бағытқа балама жол қозғалысы.
Әл-Фараби даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі қозғалыс іс-шара күні сағат 6:30-дан 9:45-ке дейін ішінара жабылады. Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағы автокөліктің өтуі үшін ашық болады. Батыс бағытта балама жол қозғалысы Төле би көшесі мен Абай даңғылында жүзеге асырылады.
Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейін батыс бағытта әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ішінара 6:35-тен 10:15-ке дейін жабылады, көшенің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін ашық болады. Абай даңғылымен шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
Саин көшесі бойымен әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі солтүстік бағытта қозғалыс таңғы 7:00-ден 11:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша солтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
Абай даңғылының шығыс бағытындағы Саин көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:10-нан 11:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытта әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшесі бойынша балама қозғалыспен жүруге болады.
Абай даңғылындағы Розыбакиев көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс таңғы 7:20-дан 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Әл-Фараби даңғылы бойынша балама жол жүру.
Байтұрсынов көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 12:15-ке дейін толығымен жабылады.
Сәтбаев көшесі бойынша шығыс бағытта Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі қозғалыс 7:40-тан 12:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Төле би көшесімен балама жол қозғалысы.
Шашкин көшесі бойынша әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:05-ке дейін толығымен жабылады. Марков көшесі бойынша балама жол қозғалысы.
Тимирязев көшесі бойынша Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі қозғалыс 7:30-дан 08:15-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен балама жол қозғалысы.
Байзақов көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:35-тен 08:50-ге дейін жабылады. Әуезов көшесі бойынша солтүстік бағытта, Манас көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалсы.
Құрманғазы көшесі бойынша Байзақов көшесінен Байсетов көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:40-тан 08:10-ға дейін жабылады. Төле би көшесі бойынша шығыс бағытта балама жол қозғалысы.
Абылай хан даңғылы бойынша Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі қозғалыс ішінара 7:45-тен 09:15-ке дейін жабылады. Қонаев көшесі бойынша солтүстік бағытта, Достық көшесі бойынша оңтүстік бағытта балама жол қозғалысы.
Желтоқсан көшесі бойынша Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі қозғалыс ішінара 7:50-ден 09:20-ға дейін жабылады. Достық көшесі бойынша балама жол қозғалысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 16:33 32801
Абай және Қызылорда облыстарының аграршылары өз өнімдерін Астанадағы жәрмеңкеде ұсынады
Достарға айту
Осы демалыс күндері, 28-29 қыркүйекте Астанада Абай және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі облыстың аграршылары Астанаға нарықтық бағадан төмен бағамен 830 тоннадан астам жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Сатылатын тауарлар тізімінде: ет, күріш, балық, көкеністер мен жемістер, өсімдік майы, сүт өнімдері, бал, қымыз, шұжық өнімдері, бақша дақылдары, ас тұзы, сондай-ақ сүт және кондитерлік өнімдер бар.
Жәрмеңкені өткізу барысында елорда тұрғындары мен қонақтары Абай және Қызылорда облыстары әртістерінің қатысуымен ойын-сауық концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Ауылшаруашылық жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жәрмеңке "Қазанат" ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолы, 1-де өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін оны өткізу кезеңінде № 18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары жүреді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері 27 қазанға дейін өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 13:49 33396
Астанада есірткі жарнамаларын өшіру іс-шарасы өтті
Достарға айту
Елорданы Алматы ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Рейдтік іс-шараны Алматы ауданының әкімдігі, прокуратурасы және полиция басқармасы ұйымдастырды. "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты волонтерлер де көмекке келді.
Бүгінгі іс-шараның нақты бағыты - наркотикалық және синтетикалық заттардың жарнамасын жою. Яғни, аудандағы үйлер мен мекемелердің қабырғаларына, тротуарлар мен жолға жазылған, наркотикалық және синтетикалық заттардың жарнамасы болуы мүмкін түрлі граффити, QR-кодтар, жазбалар, суреттер өшірілді. Әр нүктелерге барып, суреттер мен жазбаларды өшіруге бізге волонтерлер де қол ұшын беруде. Қазіргі кезде жазбалар мен суреттердің полиция анықтаған 15-ке жуық түрі белгілі. Бұндай белгісі бар граффити, QR-кодтарды бірден өшіреміз. Сондай-ақ басқа да сызбаларды тазалаймыз, өйткені бұл вандализмге жатады", - деді Алматы ауданы әкімдiгi ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбын Айдынұлы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:30 38766
Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігері ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды
Достарға айту
Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігері ұшақта жолаушының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы бұл оқиға жайлы Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулиннің блогына келіп түскен хаттан білді.
Хат авторы Шолпан И. жоғары оқу орнының медицина қызметінің бастығы подполковник Ахмаджан Төленовке шын жүректен ризашылығын білдірген. 9 қыркүйекке қараған түні А. Төленов түріктің Анталья қаласынан Алматыға ұшып бара жатқан ұшақ бортында оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен.
Шолпанның айтуынша, ұшақта ол өзін нашар сезінген. Әйел стюардессаларды шақыратын түймені басып үлгергенімен, есінен танып қалған.
Мені ұшақтың дәлізіне жатқызды. Есімді жиғанда ең бірінші ер адамның көмек көрсетіп жатқанын сезіндім. Ол менің басымды қозғалтпай, мұрнымның астындағы нүктені басты. Содан соң менен хал-жайымды сұрады. Осы кезде мен қауіптің сейілгенін түсіндім. Өзімді қауіпсіз сезініп, тынышталдым", - деді Шолпан.
Бұл процеске сол рейспен ұшқан кардиолог та қосылды. Дәрігерлер әйелдің есін жиғызып, қан қысымын өлшеп, қажетті дәрі-дәрмектер берген.
Шолпан И. өз жазбасында есін жиып, үйіне аман-есен ұшып жетуге көмектескен кәсіби мамандардың дер кезінде көрсеткен көмегін ерекше атап өткен.
Әйел ес-түссіз халде болды. Денесі құрысып, суық тер шығып, бозарып кетті. Тағы бір жолаушының көмегімен біз оның миына дұрыс қан баратындай және тыныс жолдары ашылатындай етіп жатқыздық. Қажетті көмек беріп, есін жиғыздық. Денені дұрыс жатқызу және мұрынның астындағы жүйке шоғыры орналасқан нүктені басу тез арада есін жидыруға мүмкіндік берді", - деп нақтылады әскери дәрігер.
Ахмаджан Төленов - жалпы тәжірибелік хирург. Ол Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітіріп, орталық аудандық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Қарулы күштердің Шымкент, Гвардейск гарнизондарында қызмет атқарған ол оқу-жаттығуларда өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Сондықтан мұндай сәтте қалай әрекет ету керектігін жақсы біледі. Ол өзінің қауырт жағдайдағы іс-әрекетін кәсіби және адамгершілік парызы деп санайды.
Әскери институт басшылығы жоғары қолбасшылыққа әскери қызметшіні марапаттау туралы қолдау хат жіберді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.09.2024, 18:44 42741
Астанада жылыту маусымы басталды
Достарға айту
Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланып отыр.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар олардың өтінімдері бойынша (мектептер, балабақшалар, емханалар) жылытуға қосылған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.09.2024, 14:07Қорғаныс министрінің орынбасары - ҚР Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы тағайындалды 30.09.2024, 14:41 10286Қазақстанда су секторын дамыту бойынша серіктестердің Үйлестіру кеңесі құрылды30.09.2024, 17:14 7826Мемлекет басшысы "Еуразия кеңістігіндегі орнықты даму және қауіпсіздік" атты конференцияда сөз сөйледі30.09.2024, 17:24 7601Алматыда стартаптар мен IT экожүйесін дамыту жобасы бойынша 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды30.09.2024, 14:25 4116Қазақстанда 100 жастан асқан 420-дан астам адам бар
26.09.2024, 18:14 98316Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 93871«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 92911Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр27.09.2024, 15:24 72971Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті27.09.2024, 15:32 72701Президент Түркістан облысының жұртшылығымен кездесті
26.09.2024, 18:14 98316Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:35 93871«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды26.09.2024, 16:23 92911Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр06.09.2024, 17:38 88011Жамбыл облысында 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарылды05.09.2024, 17:33 85761Қазақстандықтарға шиеленістің күшеюіне байланысты Украина аумағынан кетуге кеңес берілді