Қазақстанда 29 маусымға арналған коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай
Қазақстанда өткен тәулікте 1 321 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 370;
Алматы қаласында - 126;
Шымкент қаласында - 33;
Ақмола облысында - 44;
Ақтөбе облысында - 10;
Алматы облысында - 43;
Атырау облысында - 66;
ШҚО-да - 65;
Жамбыл облысында - 31;
БҚО-да - 63;
Қарағанды облысында - 288;
Қостанай облысында - 45;
Қызылорда облысында - 17;
Маңғыстау облысында - 25;
Павлодар облысында - 45;
СҚО-да - 15;
Түркістан облысында - 35.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 262 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 394 039 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы 13 наурыз бен 28 маусым аралығында коронавирустық инфекцияға оң ПТР-тесті бар коронавирустан 4 336 өлім жағдайы тіркелген. 27 маусымда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, 27 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды және 17 адам сауығып кетті. 1 тамыздан бастап барлығы 56 942 жағдай тіркеліп, 987 адам қайтыс болды, 52 220 адам сауығып кетті.
29 маусымға КВИ-ден 24 022 адам (22 746 КВИ+ және 1 276 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
– стационарларда 7 125 пациент бар;
– амбулаториялық деңгейде - 16 897 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 485 пациент,
- аса ауыр халде – 104 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 70 пациент бар.
Қазақстан өңірлерінің 2021 жылғы 29 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
"Сары" аймақта - Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта - Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Түркістан облыстары және СҚО.
Қазақстанда 2021 жылғы 28 маусымға I компонентпен 3 246 795 адам вакцинацияланды, II компонентпен 1 954 372 адам вакцинацияланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.