16.06.2022, 14:43 5481

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 13 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 13 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 900 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Жаңа жағдайлар анықталды: Нұр-Сұлтанда - 6, Алматыда - 6, Алматы облысында - 1, деп хабарлайды COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
 
14 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
16 маусымға КВИ-ден 169 адам (124 КВИ+ және 45 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 32 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 132 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 16 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 516 759 адам, 2-ші компонентпен - 9 295 377 адам вакцинацияланды. 4 753 630 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны