20.05.2022, 16:06 20011

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 16 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19-дың 16 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 16 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 683 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 18 мамырда елде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді.
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
20 мамырға КВИ-ден 151 адам (92 КВИ+ және 59 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 56 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 95 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 8 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 496 050 адам, 2-ші компонентпен - 9 267 945 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 251 535 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны