08.06.2022, 14:47 17601

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жағдайы анықталды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 17 жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 8 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 17 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 815 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
6 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы анықталды.
 
8 маусымға КВИ-ден 144 адам (97 КВИ+ және 47 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 33 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 111 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 4 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 510 151 адам, 2-ші компонентпен - 9 288 396 адам вакцинацияланды. 4 596 171 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны