24.06.2022, 11:14 19926

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 54 жағдайы анықталды

Коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 2 жағдайы анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 54 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 306 110 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
24 маусымға КВИ-ден 293 адам (236 КВИ+ және 57 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 52 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 241 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 2 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 0 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 маусымда Қазақстанда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 2 жағдайы анықталды, өлім жағдайлары тіркелген жоқ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны