12.05.2022, 14:24 18806

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 12 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 13 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 620 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
10 мамырда коронавирустық инфекция (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды. 
 
Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
12 мамырға КВИ-ден 1 193 адам (492 КВИ+ және 701 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 68 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 125 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 11 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 490 372 адам, 2-ші компонентпен - 9 256 909 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 116 950 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны