07.02.2024, 10:56 18736

Қазақстанда электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды

Қазақстанда электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды
Қазақстанда электронды лездік лотереяны сату дүңгіршектерінің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Азаматтар мен мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштерге орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі мәрте - мамыр және қараша айларында лотерея операторы - "Сәтті Жұлдыз" АҚ-ға лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолдады.

Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика аумағында "Lotomatic" терминалдары/киоскілері арқылы электронды лездік лотереяны тарату уақытша тоқтатылды. Алайда, кейбір жерлерде "Lotomatic" "сары-көк" ресми терминалдарына ұқсас безендірілген жалған аппараттар заңсыз жұмыс жасауы мүмкін.

Осыған орай азаматтарды қырағы болуды және заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп тұрған "Lotomatic" киоскілері немесе лотерея терминалдарын байқасаңыз Министрліктің Telegram (https://t.me/stop_online_casino_bot) және WhatsApp (+7 707 9071507) чат-ботына хабарлауды сұраймыз. Әрбір өтініш лотерея операторы мен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып мұқият қаралатын болады. Құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады.

Министрлік мемлекеттік органдар қоғам өкілдерінің көмегімен электронды лездік лотереялардың заңсыз қызметін тоқтатып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай алатынына сенімді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны