25.11.2024, 10:34 4066

Елорда тұрғындарына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық жүргізілетіндігі туралы ескертілді

Елорда тұрғындарына ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық жүргізілетіндігі туралы ескертілді
Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 2024 ж. 27-28 қарашада Елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметінен.

Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар, 27 қарашада Астана қ. аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны