Қазақстанда кезекші ХҚО-лар жұмысын қайта бастады
Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
Сурет: con-rk.kz
Елдегі шектеу шараларының жойылуына және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы кезекші ХҚО-лардың жұмысын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.
6 сәуірден бастап облыс орталықтарындағы бөлімшелердің бірі 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Басқа бөлімдер жұмысын әдеттегі кесте бойынша дс-жм аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жалғастырады", - делінген "Азаматтарға арналған үкіметте".
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары:
1. Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы №2 бөлім, Тұран даңғылы, 37/9
2. Алматы қ., Алмалы аудандық бөлімі, Бөгенбай батыр көш., 221/174
3. Шымкент қ., Абай ауданы бөлімі, Мәделі қожа көш., 1/16
4. Алматы облысы, Талдықорған қ. бөлімі, Н.Назарбаев көш., 67Б құрылыс
5. Атырау облысы, Атырау қ. №2 бөлім, Баймуханова көш., 16А
6. Ақмола облысы, Көкшетау қ. №1 бөлім, Әуезов көш., 189А
7. Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ. №3 бөлім, Октябрьдің 60 жылдығы көш., 20Б
8. Қостанай облысы, Қостанай қ. №1 бөлім, Тәуелсіздік көш., 46
9. Қараганды облысы, Қарағанды қ. №1 бөлім, Ержанов көш., 47/3
10. Қызылорда облысы, Қызылорда қ. №1 бөлім, Мұратбаев көш., 2Е
11. Жамбыл облысы, Тараз қ. №1 бөлім, Қойгелді көш., 158А
12. Маңғыстау облысы, Ақтау қ. №1 бөлім, 15 мкр, 67Б ғимарат
13. ШҚО, Өскемен қ. №3 бөлім, Белинский көш., 37А; Семей қ. №2 бөлім, Б.Момышұлы көш., 22
14. БҚО, Орал қ. №1 бөлім, Жамбыл көш., 81/2
15. Павлодар облысы, Павлодар қ. №3 бөлім, Павлов көш., 48
16. СҚО, Петропавл қ. №1 бөлім, Әуезов көш., 157
17. Түркістан облысы, Түркістан қ. №1 бөлім, 160 квартал, 236 құрылыс
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.