09.05.2022, 15:05 11821

Қазақстанда коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАМЫР - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 599 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 7 жаңа жағдайы тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 3.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 79 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері елімізде барлығы 1 291 445 адам сауығып кетті.
 
9 мамырға КВИ-ден 1 269 адам (493 КВИ+ және 776 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 76 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 1 193 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 10 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 1 пациент бар. 
 
2022 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 489 854 адам, 2-ші компонентпен - 9 255 431 адам вакцинацияланды. Ревакцинациялаудан өткен - 4 102 877 адам. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны