15.08.2022, 15:02 7251

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны азайды

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны азайды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 ТАМЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 930 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 377 898 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 203, 
 
Алматы қаласында - 103, 
 
Шымкент қаласында - 9, 
 
Ақмола облысында - 75, 
 
Ақтөбе облысында - 25, 
 
Алматы облысында - 16, 
 
Жетісу облысында - 9, 
 
Атырау облысында - 39, 
 
ШҚО-да - 2, 
 
Абай облысында - 5, 
 
Жамбыл облысында - 20, 
 
БҚО-да - 58, 
 
Қарағанды облысында - 173, 
 
Ұлытау облысында - 1, 
 
Қостанай облысында - 44, 
 
Қызылорда облысында - 23, 
 
Маңғыстау облысында - 13, 
 
Павлодар облысында - 60, 
 
СҚО-да - 44, 
 
Түркістан облысында - 8.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 252 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері - 1 341 578 адам. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 13 тамызға коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы анықталды. 
 
15 тамызға КВИ-ден 22 949 адам (22 647 КВИ+ және 302 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 185 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 21 764 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 26 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 9 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 6 пациент бар. 
 
2022 жылғы 14 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 572 423 адам, 2-ші компонентпен - 9 351 506 адам вакцинацияланды
 
Барлық өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны