26.07.2022, 12:43 8911

Қазақстанда коронавирустың 1 859 жаңа жағдайы тіркелді

Қазақстанда коронавирустың 1 859 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 ШІЛДЕ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 1 859 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 335 406 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
КВИ таратпау жөніндегі ВАК ақпараты бойынша, жаңа жағдайлар тіркелді: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 835, 
 
Алматы қаласында - 363, 
 
Шымкент қаласында - 17, 
 
Ақмола облысында - 66, 
 
Ақтөбе облысында - 11, 
 
Алматы облысында - 45, 
 
Жетісу облысында - 60, 
 
Атырау облысында - 64, 
 
ШҚО-да - 12,
 
Абай облысында - 8, 
 
Жамбыл облысында - 61, 
 
БҚО-да - 21, 
 
Қарағанды облысында - 170, 
 
Ұлытау облысында - 27, 
 
Қостанай облысында - 1, 
 
Қызылорда облысында - 42, 
 
Маңғыстау облысында - 18, 
 
Павлодар облысында - 29, 
 
СҚО-да - 3, 
 
Түркістан облысында - 6.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 1 234 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 302 320 адам COVID-19-дан сауығып кетті.
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 24 шілдеде коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы анықталды. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. 
 
24 шілдеде бір адам (КВИ+)-ден қайтыс болды. 
 
26 шілдеге КВИ-ден 19 571 адам (19 421 КВИ+ және 150 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 1 472 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 18 099 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 33 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 12 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 6 пациент бар. 
 
2022 жылғы 26 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 10 777 692 адам, 2-ші компонентпен - 10 506 711 адам вакцинацияланды. 4 977 049 адам ревакцинацияланды.
 
Нұр-Сұлтан "сары" аймақта, қалған өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны