24.11.2022, 13:25 24881

Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды қолданушыларға үшін мобильді қосымша әзірленді

Sapar республикалық маңызы бар жолдарды қолданушыларға күре жолдардағы ахуал туралы, елдегі метео жағдай, ақылы жолдарға қатысты және т.б. ақпарат береді.
Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды қолданушыларға үшін мобильді қосымша әзірленді
Сурет: ?азАвтоЖол
Астана. 24 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы тасжолдарды цифрландыру аясында онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігін беретін "Sapar" мобильді қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
 
 "Sapar" республикалық маңызы бар жолдарды қолданушыларға күре жолдардағы ахуал туралы (тасжолдарда қозғалыстың шектеліп/қайта ашылуы; айналма жолдар туралы ақпарат; жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелері), елдегі метео жағдай, ақылы жолдарға қатысты және т.б. ақпарат береді.
 

Мобильді қосымшада республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат жинақталған. Қосымшаны пайдаланушылар жол бойындағы сервис объектілері көрсететін қызметтердің сапасын бағалай алады", - деді баспасөз қызметінде.

 
Ал республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттырып, жол пайдаланушыларымен кері байланысты нығайту мақсатында қосымшада ҚазАвтоЖолдың call-орталығын (1403 қысқа нөмірі бойынша) және 112 қызметін жылдам теру функциялары бар.
 

Бүгінгі таңда қосымша PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада қосымша AppStore-да пайда болады", - деп қосты компанияда.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны